«Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10905 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларында:

    2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2)осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

    4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

    В. Школьник

    КЕЛІСІЛДІ

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрі

    _____________ Е. Досаев

    2016 жылғы 08 ақпан

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрінің

    2016 жылғы 22 қаңтардағы

    № 21 бұйрығына

    қосымша

    Парниктік газдар   

    шығарындыларына квоталар

    беру қағидаларына  

    2-қосымша

    нысан

    _________________________________________________________________ (парниктік газдар шығарындыларына сертификат беретін органның атауы)

    Парниктік газдар шығарындыларына СЕРТИФИКАТ

    Осы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-3-бабына сәйкес берілген сертификат_____________________________________________ (қондырғы операторының атауы) БСН____________________________________________________________ _______________________________________________________________ (заңды мекенжайы)

    Өндірістік объектінің (қондырғының) атауы _________________________ Төмендегі қызмет түрлері бойынша __________________________________ (қызмет түрлері көрсетіледі)

    парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі оның міндеттемелерін орындау және Квота бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес көміртегі бірліктерін саудалауға қатысу мақсатында парниктік газдар шығарындыларына __________ жыл(дар)ға ________________ тонна мөлшерінде рұқсат алғандығын куәландырады.

    Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-4-бабының 1-тармағына сәйкес қосымша квота көлемі:

    есептік кезеңге.

    Сертификатты тапсыру мерзімі: 20___ жылғы « » _______ дейін.

    Тәуелсіз аккредиттелген ұйыммен расталған Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11818 тіркелген) парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарына сәйкес парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есеп есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылады.

    Мониторинг ___________________________________ сәйкес жүргізіледі (Қондырғыға қолданылатын мониторинг стандарттарын көрсете отырып, мониторинг талаптары (қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемелер))

    Басшы (уәкілетті адам) _____________ ___________________________ (қолы) (Т.А.Ә.(оның болған жағдайда)

    М. Ө. __________________ қаласы Берілген күні _______________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.