Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 12 сәуір № 11-26/62 ұсынысы негізінде, Ақкемер ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақкемер ауылдық округінің «Жоғарғы Таласпай» қыстағы аумағында орналасқан «Премьер» шаруа қожалығының ірі мүйізді қара малы арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ақкемер ауылдық округінің әкімі

    Т. О. Өтемұратов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.