Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот сараптамасын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаЗаң
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 қараша 2001 ж.

    Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот сараптамасын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    1. "Сот сараптамасы туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 21, 276-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат):

    10-бапта:

    мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

    "1-1. Бір жолғы тәртіппен сараптама жүргізу:

    1) сараптама түрлерінің заңдарда белгіленген тізбесінде көзделмеген сараптама тағайындалған;

    2) осы заңның 27-бабына сәйкес шет мемлекеттің сот сараптамасы саласындағы маман сарапшы ретінде тартылған;

    3) сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын, сондай-ақ лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын тиісті мамандықтағы барлық сарапшыларға қарсылық қанағаттандырылған не осы адамдар және тұтас алғанда тиісті сот сараптамасы органы сараптама жүргізуден дәлелді себептермен шеттетілген жағдайларда тапсырылуы мүмкін.";

    4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздер "осы Заңмен" деген сөздермен ауыстырылсын.

    2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат):

    1) 83-баптың бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы заңдарымен" деген сөздер "осы Кодекстің 243-бабының бірінші бөлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

    2) 243-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    "Сот сараптамасын жүргізу:

    1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;

    2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;

    3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.".

    3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат):

    91-бапта:

    төртінші бөліктегі екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

    "Сот сараптамасын жүргізу:

    1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;

    2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;

    3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.";

    алтыншы бөліктегі бірінші сөйлем алып тасталсын.

    4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат):

    597-баптың бірінші бөлігіндегі екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

    "Сот сараптамасын жүргізу:

    1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;

    2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;

    3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.".

    Қазақстан Республикасының Президенті

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.