«Ақмола облысында өндірісті, қызмет көрсетуді және өнім сапасын ең жақсы ұйымдастыру» конкурсын өткізу туралы
Облыстық тауар өндірушілерге өнім шығару және жоғары сапалы қызмет көрсету бойынша жағдай жасау, Мемлекеттік импорт орналастыру бағдарламасын орындау бойынша, олардың қызметін ынталандыру, халықаралық сапа стандартына көшуде және жоғары сапалы отандық өніммен нарықты толтыру, сондай-ақ ҚР Үкіметі 19.02.2001 ж. ҚР кәсіпорындары 9000 сериялы ИСО сапа жүйелері стандарттарына көшу жөнінде қабылданған бағдарламаны орындау бойынша қолдау көрсету мақсаттарында Ақмола облысы әкімияты қаулы етеді:
1. 2001 жылы «Ақмола облысында өндірісті, қызмет көрсетуді және өнім сапасын ең жақсы ұйымдастыру конкурсы жариялансын.
2. Мыналар бекітілсін:
- «Ақмола облысында өндірісті, қызмет көрсетуді және өнім сапасын ең жақсы ұйымдастыру» конкурсы туралы Ереже;
- конкурс өткізу жөніндегі Ұйымкомитеті құрамы;
- конкурс нәтижелерін қорытатын қазылар алқасының құрамы;
- конкурс өткізу бойынша шаралар жоспары;
- конкурс өткізу жөніндегі жұмыс топтарының құрамдары.
3. Конкурс туралы Ережеге сәйкес конкурс женімпаздары үшін Ақмола облысы әкімінің Құрмет дипломы тағайындалсын.
4. Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (Ғ.Төлеғүл) БАҚ-да конкурсты өткізуге байланысты жұмыстарды жариялауды ұйымдастырсын.
5. Осы қаулыстың орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғ.Т.Сағиевке жүктелсін.
С.Кулагин
Ақмола облысы әкімиятының
қаулысымен бекітілді
№ а-4/23
11 09 2001 ж
«Ақмола облысында өндірісті, қызмет көрсетуді және өнім сапасын ең жақсы ұйымдастыру» конкурсы туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Өндірісті және өнім сапасын ең жақсы ұйымдастыру конкурсын «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» ААҚ (бұдан былай «ҰлтССО») Ақмола филиалының ұсынуы бойынша Ақмола облысының әкімі тағайындаған Ұйымдастыру комитеті өткізеді.
Конкурстың өткізілу мақсаты - отандық тауар өндірушілерді қолдау; өнім шығаруға және жоғары сапалы қызмет көрсетуге жағдай жасау; нарықты отандық өніммен толықтыруға ықпал жасау; жетекшілерді сапа жүйесін енгізуге бейімдеу; өндірісті сертификаттау; өндіріс қызметінің өзін-өзі бағалауын жасау.
1.2. Нәтижелерді қорытындылау мен конкурс лауреаттарын марапаттау Бүкіләлемдік сапа күнін мерекелеу қарсаңында - 14 қараша күні ұйымдастырылады.
Конкурс женімпаздарына Құрмет дипломдары мен сувенирлер тапсырылады. Конкурс нәтижелері тендерлер өткізілгенде және мемлекеттік тапсырыстар ресімделгенде ескеріледі.
Конкурс женімпаздары Қазақстан Республика Үкіметінің сыйлығын иеленуге «Сапа жүйесін енгізуде ең жақсы жұмыстар ұйымдастыру» атты Республикалық конкурсқа қатысады.
Облыстық жүлде қоры 1, 2, 3 дәрежелі 3 номинация бойынша 24 құрмет дипломдарын құрайды: тағамдық және ауылшаруашылық өнім; азық емес тауарлар, сонымен қатар машина мен аспап жасау; құрылысиндустрия, қоғамдық тамақтандыру және қонақ үйлер қызметі; автокөлік құралдарына жөндеу жасау мен техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ 2 санат бойынша - жұмысшылардың санына байланысты (I – жұмыс істеушілердің саны 50 адамнан артық кәсіпорындар мен II - жұмыс істеушілердің саны 50 адамға дейін).
1.3. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізуді қаржыландыру конкурсқа өтініш берушілер - қатысушылардың тіркелінетін жарналары есебінен жасалады.
2. Конкурс шарттары
2.1. Конкурсқа қызмет көрсету және тауар өндірумен айналысатын барлық меншікті түрлердің шаруашылық субъектілері қатыса алады.
2.2. Конкурсқа қатысу ерікті. Конкурсқа қатысқысы келген субъектілер, «ҰлтССО» ААҚ Ақмола филиалына өтінім және кәсіпорын қызметі мен шығаратын өнім сапасы туралы мағлұматтар жинағын жібереді, конкурсқа қатысуға тіркелінетін жарна енгізіледі.
2.3. Конкурс лауреаттарын анықтау қағидасы ұсынылған мағлұматтарда көрсетілген кәсіпорындар қызметін ұпайлық бағалауға негізделеді.
2.4. Конкурс мағлұматтарында көрсетілген ақпарат құпия болып саналады да кәсіпорынның келісімісіз, оның қызметін бағалаудан өзгесі қолданымайды.
3. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу
3.1. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу үшін, Ақмола облысы әкімиятының қаулысымен Ұйымдастыру комитеті және «ҰлтССО» ААҚ Ақмола филиалы, басқа облыстық органдар мен қоғамдық ұйымдардың мамандарынан жұмыс топтары құрылады.
3.2. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы конкурс басталуы мен мерзімдері туралы жарияланады.
Конкурсқа қатысу үшін «ҰлтССО» ААҚ Ақмола филиалымен қыркүйектің 1-нен 30-на дейін өтінімдер мен мағлұматтар қабылдау жүргізіледі.
Конкурсқа ұсынылған мағлұматтарды талдау мен қорытындылауды Ұйымдастыру комитеті және жұмыс топтары жүргізеді.
12 қарашаға дейін қортындыланған мағлұматтар Ақмола облысы әкімінің сыйлығына лауреаттарды анықтау үшін Қазылар алқасына ұсынылады.
3.3. Конкурс нәтижелері Ақмола облысы әкімінің шешімімен хабарланып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
4. Конкурсқа қатысушыларды бағалау шарттары
4.1. Конкурсқа қатысушылардың қызметін бағалау келесі шарттар бойынша ұпаймен жасалады:
Қаржылық-шаруашылық қызмет:
- кәсіпорында істеушілер мен жұмыс орындарының саны;
- кәсіпорынның кірісі мен тиімділігі;
- инвестициялық қордың үлестік қатысуы;
- өндірісті механизациялау мен автоматизациялау, негізгі құралдар ішінде өндірістің автоматтандырылған құралдарының үлес салмағы;
- аймақ инфрақұрылымын дамытуда кәсіпорын жағынан демеушілік көмек;
- жалақы бойынша кедергінің болмауы;
- өнім сату географиясы; жергілікті нарықтағы өнімнің үлесі;
- ұқсас тауармен салыстырғандағы бағасы және тұтынушыларға кеңінен қолдануға мүмкіншілігі, өнімнің жаңа түрлерін игеру;
- маркетинг жүйесін ұйымдастыру.
Өнімнің, қызмет көрсетудің сапасы және оның бәсекелікке жарамдылығы
- шығаратын өнім мен көрсетілетін қызметтің номенклатурасы, оның сипаттамасы.
- өнім мен қызметтің ең жақсы отандық және шетелдік аналогтарымен салыстырғанда техникалық деңгейі мен қауіпсіздігі;
- бақылау органдары мен тұтынушылардан шағым мен рекламациялардың болмауы.
- сапаны бақылауды ұйымдастыру (сынақ базасының болуы, сынақ өткізуге шарттар, сынақ хаттамалары);
- сапа туралы мәліметтерді есепке алу жүйесі;
- өнімді, қызмет көрсетуді, өндірісті, сапа жүйесін сертификаттау.
Кәсіпорынның әлеуметтік аспектілері
- еңбектің қауіпсіздігі;
- инженерлік-техникалық, қызмет көрсету персоналдың біліктілік құрамы;
- кадрларды дайындау, оның ішінде кәсіпорын есебінен жоғары оқу орындарында әзірлеу;
- қосымша жұмыс орындарын құру;
- ұжым үшін әлеуметтік шаралар жүргізу;
- баспана сатып алуға және салуға несие беру;
- мектепке дейін балалар мекемелерін ұстау.
4.2. Шарттарды бағалау әрбір бағыт бойынша ұпайларды қосу арқылы жүргізіледі. Шарттарды енгізілген бағыттар 5-ұпайлы жүйемен бағаланады.
4.3. Шарттар бағалау нәтижелері Қазылар алқасымен 1 таблица түрінде ресімделеді.
5. Конкурсқа қатысу үшін мағлұматтар ұсыну тәртібі.
5.1. Конкурс мағлұматтарында кәсіпорынның қызметі, критерий мен оны құрастырушыларды сипаттау мазмұндалады. Ұйымдастыру комитеті мен «ҰлтССО» ААҚ Ақмола филиалына ұсынылатын мағлұматтар жинағында қысқа және әрбір критерий бойынша нақты ақпарат болу керек.
5.2. Кәсіпорын жұмысының нәтижесі мен сапа көрсеткішін сипаттайтын шарттар үшін олардың нәтижесін бағалауға және мүмкіндігінше басқа кәсіпорындардың ұқсас мәліметтерімен салыстыруға мүмкіндік беретін мәліметтер беріледі.
Кәсіпорын қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты кесте, диаграмма түрінде, ұсынылған сандық деректердің маңыздылығы мен ерекшілігіне түсінік беретін қысқаша түсініктемемен толықтырылып ұсынылады.
Есепті А4 форматты қағазда басу керек және жұмсақ түптеумен ресімдеу керек. Мәтін парақтың екі жағында да басылуы мүмкін. Мағлұмат суреттер, кестелер, таблицаларды қосқанда 30 беттен аспауы керек.
1 таблица
«Ақмола облысында өндірісті, қызмет көрсетуді және өнім сапасының жақсы ұйымдастыру» конкурсына қатысушылардың
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
___________________________________________________________ бойынша
(номинацияның атауы)
«____» ____________ 200__ж Көкшетау қ.
|
Мекеменің (кәсіпорынның) атауы
|
Қаржылық-шаруашылық қызмет (ұпайлар)
|
өнімнің сапасы мен бәсекелікке жарамдылығы (ұпайлар)
|
Кәсіпорынның әлеуметтік аспектісі (ұпайлар)
|
Ұпайлардың жалпы сомасы
|
|
Жұмыс істеушілердің саны 50-дег артық 1-ші санатты кәсіпорындар
|
||||
|
Жұмыс істеушілердің саны 50-ден кем 2-ші санатты кәсіпорындар
|
||||
|
Қазылар алқасының төрағасы
Қазылар алқасының мүшелері
Ескерту. Өнімнің бағалау парағы мен әлеуметтік сұрау сауалнама формаларын Ұйымкомитеті анықтайды.
«Ақмола облысында өндірісті, қызмет көрсетуді және өнім сапасын ең жақсы ұйымдастыру» конкурсына қатысу үшін
ӨТІНІМ
1. Өтінуші
Кәсіпорынның атауы
Пошталық мекен-жайы
2. Кәсіпорынның басшысы
Аты-жөні
Телефоны
3. Кәсіпорын қызметкерлерінің саны
4. Филиалдары
Байланыс телефоны
5. Басшының қолы
«____» _____________ 200__ ж.
6. Конкурсқа қатысу құқығын анықтау нәтижелері Ұйымдастыру комитетімен («ҰлтССО» ААҚ Ақмола филиалымен) тағайындаған тек ресми тұлғамен толтырылады.
|
Ақмола облысы әкімиятының
қаулысымен бекітілді
№ а-4/23
11 09 2001ж.
«Ақмола облысында өндірісті, қызмет көрсетуді және өнім сапасын ең жақсы ұйымдастыру» конкурсын өткізу жөніндегі
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
|
Төрағасы
|
САҒИЕВ Ғани Тоқтамысұлы
Ақмола облысы әкімінің орынбасары
|
|
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері
|
Мамонов Николай Тимофеевич
облыс әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі
|
|
БАТЫРХАНОВ Мұнарбек Бүркітбайұлы облыстық өндіріс, сауда, көлік және коммуникация басқармасының бастығы
|
|
|
ТОҚЫШЕВ Талғат Васильевич
Ақмола облысы бойынша ҚР Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқарманың бастығы
|
|
|
ТӘШМЕТОВ Қасымжан Қалымжанұлы
облыстық санэпидемстанциясының бас дәрігері
|
|
|
МЫҢЖАНОВ Марат Тұрсынайұлы
ҚР Ауылшарминистрлігінің Ақмола облыстық аймақтық басқармасының бастығы
|
|
|
ҚАЛИАСҚАРОВ Арман Балғожаұлы
Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы Ақмола филиалының директоры
|
|
|
МУСТАФИНА Қымбат Қайыркенқызы
Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары
|
|
|
ДЕНИНГ Николай Яковлевич
Степногорск қаласының әкімі
|
|
|
ШОРАЕВ Арман Төлегенұлы
Ақмола облыстық телерадио компаниясының төрағасы
|
|
|
КАППЕЛЬ Егор Яковлевич
Аршалы ауданының әкімі
|
|
|
МҰХИТБЕКОВ Амангелді Нұрхамитұлы
Есіл ауданының әкімі
|
|
|
Әкімов Рашид Қайыржанұлы
Щучье ауданының әкімі
|
|
|
ТЕМІРХАН Жеңіс Темірханұлы
«Тұтынушыларды қорғау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
|
Ақмола облысы әкімиятының
қаулысымен бекітілді
№ а-4/23
11 09 2001ж.
«Ақмола облысында өндірісті, қызмет көрсетуді және өнім сапасын ең жақсы ұйымдастыру» конкурсы
ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
|
Төрағасы
|
САҒИЕВ Ғани Тоқтамысұлы
Ақмола облысы әкімінің орынбасары
|
|
Қазылар алқасының мүшелері
|
ҚОЙШЫБАЕВ Марат Советұлы
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы
|
|
ТОҚЫШЕВ Талғат Васильевич
Ақмола облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқармасы
|
|
|
ЛЕЕВА Людмила Ивановна
Облыстық «Акмолинская правда» газетінің редакторы
|
|
|
ТЕМІРХАН Жеңіс Темірханұлы
«Тұтынушыларды қорғау» қоғамдық бірлестіктің төрағасы
|
|
|
ҚҰСАЙЫНОВА Гүлнәр Қабденқызы
Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасының бастығы
|
|
|
МҰСТАФИН Марат Кәрімұлы
ҚР табиғи монополияны реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агентігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің директоры
|
|
|
ҚАЛИАСҚАРОВ Арман Балғожаұлы
Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы Ақмола филиалының директоры
|
Ақмола облысы әкімиятының
қаулысымен бекітілді
№ а-4/23
11 09 2001ж.
«Ақмола облысында өндірісті, қызмет көрсетуді және өнім сапасын ең жақсы ұйымдастыру» конкурсын өткізу шараларының ЖОСПАРЫ
|
№
|
Шараның атауы
|
өткізу мерзімдері
|
Орындаушылар
|
Жауаптылар
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
1.
|
Конкурстық құжаттарды әзірлеу
|
маусым
|
ҰлтССО
|
Аскаров А.А
|
|
2.
|
Түсіндіру жұмысын жүргізу, с.қ. бұқаралық ақпарат құралдар арқылы
|
Шілде-қыркүйек
|
Облыс және қала әкімдері аппараттарының өнеркәсіп бөлімдері, ҰлтССО, мемқадағалау басқармасы, аудан және қалалар әкімдері
|
Ғ.Т.Сағиев
Қ.Қ.Мұстафина
А.Б.Қалиасқаров
Т.В.Тоқышев
Л.И.Леева
Ж.Е.Әбдіқалық
|
|
3.
|
Конкурсқа қатысуға өтінімдер жинау
|
қыркүйек
|
Конкурс Ұйымкомитеті
|
Ғ.Т.Сағиев
А.Б.Қалиасқаров
|
|
4.
|
Конкурстың 1 кезеңін өткізу - тұтынушыларға әлеуметтік сұрау жүргізу (сауалнама)
|
1-15 қазан
|
Ұйымкомитеті, ҰлтССО, БҰ «Тұтынушылырды» қорғау
|
Ғ.Т.Сағиев
Қ.У.Рысқелдінов
Ж.Т.Темірхан
|
|
5.
|
Конкурстың 2 кезеңін өткізу - өнім мен қызмет көрсетуді сараптау
|
15 қазан - 1 қараша
|
Ұйымкомитеті
Ұлттық ССО
|
Ғ.Т.Сағиев
Н.И.Ледэ
А.А.Асқаров
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
6.
|
Конкурстың 3 кезеңін өткізу - Конкурс нәтижелерін қорытындылау
|
2-12 қараша
|
Қазылар алқасы, Ұйымкомитеті
|
Сағиев F.T.
Т.В.Тоқышев
А.Б.Қалиасқаров
|
|
8.
|
Женімпаздарды марапаттау
|
14 қараша
|
Ұйымкомитеті
|
Сағиев Ғ.Т.
|
|
9.
|
БАҚ конкурс нәтижелері туралы ақпараттық хабар
|
14-15 қараша
|
Ақмола ТРК, «Арқа ажары», «Акмолинская правда» ОГ редакциясы, Ұлттық COO
|
А.Т.Шораев, Л.И.Леева А.А. Асқаров Ж.Е.Әбдіқалық
|
Ақмола облысы әкімиятының
қаулысымен бекітілді
№ а-4/23
11 09 2001ж.
«Ақмола облысында өндірісті, қызмет көрсетуді және өнім сапасын ең жақсы ұйымдастыру» конкурсының 2-3 кезеңдерін өткізу үшін жұмыс топтарының ҚҰРАМЫ
1. Конкурстың 2-кезеңін өткізу тобы
|
Топтың жетекшісі
|
К.У.Рыскелдінов
Облыстық ветзертхананың директоры
|
|
Жетекшінің орынбасары
|
Л.А.Кувшинова
Ақмола облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқармасының меминспекторы
|
|
Топтың мүшелері
|
В.П.Чигинцев
Ұлттық ССО Ақмола филиалы бөлімінің бастығы
|
|
Ж.Т.Темірхан
БҰ «Тұтынушылырды қорғау» төрағасы
|
|
|
В.В.Мирошниченко
Ұлттық ССО Ақмола филиалының жетекші маманы
|
|
|
А.Ш.Жамышева
Ұлттық ССО Ақмола филиалының маманы
Конкурстың 3-кезеңін өткізу тобы
|
|
|
Топтың жетекшісі
|
Н.И.Ледэ
Ақмола облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқармасының меминспекторы
|
|
Жетекшініңрынбасары
|
В.А.Головко
Обл. СЭС бас дәрігерінің орынбасары
|
|
Топтың мүшелері
|
Е.В.Светличная
Ұлттық ССО Ақмола филиалының маманы
|
|
Ш.Т.Толыбекова
Ұлттық ССО Ақмола филиалының жетекші маманы
|
|
|
З.П.Алексеева
Ұлттық ССО Ақмола филиалының жетекші маманы
|
|
|
Б.Т.Асанбаева
Ұлттық ССО Ақмола филиалының 1 санаттағы маманы
|
|
|
Т.Н.Коровина
Ұлттық ССО Ақмола филиалының СЗ бастығы
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.