Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiн ауыстыру туралы" 2000 жылғы 20 шiлдедегi N 300 қаулысына өзгерiстердi бекiту туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiн ауыстыру туралы" 2000 жылғы 20 шiлдедегi N 300 қаулысына өзгерiстердi бекiту туралы

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi филиалдарының заңды және жеке тұлғалардан ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн қабылдау мерзiмiн ұзарту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiн ауыстыру туралы" 2000 жылғы 20 шiлдедегi N 300 V001231_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

    6-тармақтың үшiншi және төртiншi бөлiктерiндегi "5 (бес) жыл" деген сөздер "10 (он) жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

    2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

    3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):

    1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

    2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.

    Ұлттық Банк Төрағасы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.