Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 қаңтар 2016 ж.

    Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қызылорда облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    1) «Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 373 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4571 болып тіркелген, 2014 жылдың 18 қаңтарында «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланған);

    2) «Қызылорда облысы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 888 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 5 мамырында № 4972 болып тіркелген).

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облысының әкімі

    Қ. Көшербаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.