Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 5С-46/11 «Степногорск қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қаңтар 2016 ж.

    Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 5С-46/11 «Степногорск қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабының 2-тармағына, 21-1 бабының 2-тармағына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. «Степногорск қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 5С-46/11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5120 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 желтоқсанда «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» өңірлік қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

    Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

    С. Алпысбаев

    Қалалық мәслихаттың хатшысы

    Ғ. Көпеева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.