«Қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы» Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 8 мамырдағы №180 қаулысының күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 8-тармағына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кентау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 8 мамырдағы №180 «Қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2296 тіркелген, 2013 жылғы 15 маусымдағы «Кентау шұғыласы» «Кентау» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Б.Кнатовқа жүктелсін.
Кентау қаласының әкімі
Ә.Мақұлбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.