Әкімдіктің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 99 «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстарды айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына және «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 99 «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстарды айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6228 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірде «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшадағы:
«
|
2
|
«Қостанай ауданы Заречный ауылының «Северный» шағын ауданында екі 48 пәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік тораптар» нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары
»;
«
|
|
4
|
«Заречный ауылынның «Северный» шағын ауданында көп қабатты құрылыстың газ қазандығы» нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары
»
деген жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Облыс әкімі
А. Мұхамбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.