Алтынсарин ауданы әкімінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 4 "Алтынсарин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Алтынсарин ауданы әкімінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 4 «Алтынсарин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23 бабына сәйкес, аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. 2015 жылғы 23 ақпандағы № 4 «Алтынсарин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5428 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірде «Таза бұлақ – Чистый родник» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: 

    көрсетілген шешімнің қосымшасындағы № 204 сайлау учаскесіндегі Юбилейная көшесінің атауы С.Г. Амеличкин көшесіне өзгертілсін.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Б. Ахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.