Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы №94 «Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағын, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы №94 «Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №3124 болып енгізілді, 2015 жылдың 2 сәуіріндегі «Серпер» газетінде ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Аудан әкімі
Б.Шаяхметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.