Аудан әкімінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №5 «Құрманғазы ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағын, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабын басшылыққа алып, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудан әкімінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №5 «Құрманғазы ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №3116 болып енгізілді, 2015 жылдың 5 наурызындағы «Серпер» газетінде ресми жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Аудан әкімі
Б.Шаяхметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.