Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 29 наурыздағы №74 «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 29 наурыздағы №74 ««Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3267 болып тіркелген, 2013 жылғы 03 мамырдағы «Қаратөбе өңірі» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Өмірзақовқа жүктелсін.
Аудан әкімі
А.Шахаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.