Тасқала аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы №21-1 «Тасқала аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешімін күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 мамыр 2016 ж.

    Тасқала аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы №21-1 «Тасқала аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешімін күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Тасқала аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы №21-1 «Тасқала аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3442 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Аудандық мәслихат аппараты (Т.Ержігітова) осы шешімнің көшірмесін бір апта мерзімінде белгіленген тәртіпте Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментіне және жариялауға ұсынсын.

    3. Осы шешім қол қойылған күннен қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрайымы

    В.Фролов

    Аудандық мәслихат хатшысы

    С. Рахимов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.