Арал қаласының көшелері мен тұйықтарын атау және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 13 cәуірдегі №2 қорытындысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арал қаласының мына көшелері мен тұйықтары:
1) «Дружба» көшесі «Достық» атауымен;
2) «И.Папанин» көшесі «Қосмағанбет Сапаровтың» есімімен;
3) «Н.Щорс» көшесі «Ерденбек Ниетқалиевтің» есімімен;
4) «А.Микоян» көшесі «Әбдікер Қаюповтың» есімімен;
5) «Киров» тұйығы «Ұлдай Есмамбетованың» есімімен;
6) «40 жылдық Октябрь» тұйығы «Алпысбай Медетовтың» есімімен;
7) «Судоверьф» көшесі «Садылда Көбековтың» есімімен қайта аталсын.
2. «Ш.Уәлиханов» тұйығына қатарлас шығыс бетіндегі жаңа көше «Жұбанбай Сауытбаевтың» есімімен аталсын.
3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Арал ауданының әкімі
А.С.Мұхимов
Арал аудандық мәслихатының кезектен тыс үшінші сессиясының төрағасы
Ф.Смағұлов
Арал аудандық мәслихатының хатшысы
Д.Мадинов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.