«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
«Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының3-1-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамуминистрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына(Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде2015 жылғы 30 маусымда № 11507 болып тіркелген, «Әділет»ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 шілдеде жарияланған)мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықтың кіріспесімынадай редакцияда жазылсын:
«Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының3-1-бабы 1) тармақшасынажәне 9-бабының 4-тармағына сәйкес»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 76-1-тармақпен толықтырылсын:
«76-1. Электрондық өтінім Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішіндебалаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның маманы келіп түскен құжаттар топтамасын тексереді. Құжаттар топтамасының толық түспегеніанықталған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 19-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоқ құжат көрсетілген Мемлекеттік корпорация қабылдаған құжаттарды қайтару туралы хабарламамен қоса құжаттардың топтамасын электрондық өтінімді қарамастан қайтарады. Хабарлама балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.
Мемлекеттік корпорация балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органнан Мемлекеттік корпорация қабылдаған құжаттарды қайтару туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген себептерді ескере отырып,құжаттар топтамасын қалыптастырады және өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттар мен мәліметтердің электрондық көшірмелерін қамтитын электрондық өтінімді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттарымен мәліметтерін балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 19-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегібір данасын баспа және электрондық түрдеҚазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы»шаруашылық жүргізу құқығындағыреспубликалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді;
6) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынудықамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрықалғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А.Мамытбеков
2016 жылғы 26 сәуір
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
2016 жылғы 20 сәуір
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2016 жылғы 20 сәуірдегі
№ 303 бұйрығына
қосымша
Балалы отбасыларға берілетінмемлекеттік
жәрдемақылардытағайындау
және төлеу қағидаларына
19-1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік корпорация қабылдаған құжаттарды қайтару туралы № ______ хабарлама
20__ жылғы «___»_____________ Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)______________________ Туған күні _______________________________________________________________ Мынадай құжаттар: __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ ___________________________________________себебінен қайтарылды. (себебін көрсету) Хабарлама жауапты тұлғаның Электрондық цифрлық қолтаңбасыменкуәландырылған __________________________________________________________________________ (жауапты адамның лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.