Талдысай ауылында жануарлардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 сәуір 2016 ж.

    Талдысай ауылында жануарлардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 40 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 11-сәуірдегі № 11-26/60 ұсынысының негізінде Мұғалжар ауданының Талдысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

    1. Мұғалжар ауданының Талдысай ауылдық округінің Талдысай ауылында жануарлардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

    2. Мұғалжар ауданының Талдысай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 12-қазандағы № 13 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6-қарашада № 4565 болып тіркелді) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    Мұғалжар ауданының Талдысай ауылдық округінің әкімі

    М. Қарабатыров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.