«Шалқар ауданы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздерін бекіту туралы» Шалқар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 24 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 баптарына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 24 «Шалқар ауданы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздерін бекіту туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4754 болып тіркелген, аудандық «Шежірелі өлке» газетінде 2016 жылдың 29 ақпанында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Қаулының көшірмесі Ақтөбе облысының әділет департаментіне жолдансын.
Аудан әкімі
Е. Данағұлов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.