Железин ауданы Железин селолық округінің Железинка селосындағы көшелерді қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Железин селолық округінің Железинка селосы тұрғындарының пікірін ескеріп және 2015 жылғы 2 желтоқсандағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Железин селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Железин селолық округінің Железинка селосындағы «Советов» көшесі «Жеңіс» көшесі, «Садовая» көшесі «Әлия Молдағұлова» көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Селолық округ әкімі
К. Кабдулов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.