Железин ауданы Алакөл селолық округінің Алакөл селосындағы көшені қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 сәуір 2016 ж.

    Железин ауданы Алакөл селолық округінің Алакөл селосындағы көшені қайта атау туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Алакөл селолық округінің Алакөл селосы тұрғындарының пікірін ескеріп және 2015 жылғы 2 желтоқсандағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Алакөл селолық округінің әкімі ШЕШТІ:

    1. Железин ауданы Алакөл селолық округінің Алакөл селосындағы «Ленин» көшесі «Әлия Молдағұлова» көшесі болып қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Селолық округ әкімі

    Н. Идрисов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.