2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4 - тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2016 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә. Қошалақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі
С. Мақашов
Қармақшы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «13» мамырдағы
№ 254 қаулысына № 1 қосымша
2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
|
№
|
Аудан атауы
|
Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен
мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны
|
|
1
|
Қармақшы ауданы
|
1787
|
Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы "13" мамырдағы
№ 254 қаулысына № 2 қосымша
2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері
|
№
|
Аудан атауы
|
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (теңге)
|
|
Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік)
|
||
|
1
|
Қармақшы ауданы
|
24240
|
|
Мектеп жанындағы шағын орталық
|
||
|
18371
|
Қармақшы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «13» мамырдағы
№ 254 қаулысына № 3 қосымша
2016 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері
|
№
|
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата- ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері
|
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері
|
|
1
|
Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес
|
Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.