Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы

    Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі” Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі кодексінің 221-бабының төртінші бөлігіне сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қылмыстық істер бойынша тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйым болып Жалағаш аудандық ветеринария бөлімінің “Жалағаш аудандық ветеринариялық станциясы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны айқындалсын.

    2. “Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Жалағаш ауданының әкімі

    Т.Дүйсебаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.