Қарауылтөбе ауылындағы көшеге атау беру туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 ақпан 2016 ж.

    Қарауылтөбе ауылындағы көшеге атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы №4 қорытындысына сәйкес Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қарауылтөбе ауылдық округініңҚарауылтөбе ауылындағы атауы жоқ көшеге Сары Байсейітовтің есімі берілсін.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қарауылтобе ауылдық округінің әкімі

    М. СЕЙІЛОВ

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.