Шарбақты ауданының Шарбақты ауылының аумағында ветеринарлық режим және шектеу іс-шараларын жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35- бабының 2- тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Шарбақты ауданының бас ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік бас инспекторының ұсынымы негізінде, Шарбақты ауыл әкімі ШЕШТІ:
1. Шарбақты ауылында ірі қара малдың құтырма ауруы бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын орындауға байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринария зертханасы» ШЖҚ РМК Павлодар облыстық филиалының сараптамасының негізінде, Ленин көшесінен бастап Орджоникидзе көшесімен қиылысына дейін солтүстік жағынан, 9 май көшесінің оңтүстік жағына дейін, сондай-ақ Вокзальная көшесінде 1 май көшесінің батысынан қиылысына дейін және Садовый көшесінің шығысына дейін ветеринарлық режим және шектеулі іс-шаралары жойылсын.
2. Шарбақты ауылы әкімінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы «Шарбақты ауданының Шарбақты ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 09 ақпанда № 4920 тіркелген, «Трибуна» және «Маралды» № 6 газеттерінде 2016 жылғы 11 ақпанда жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шарбақты ауылы әкімі
Қ. Мүскенов
КЕЛІСІЛДІ
Ауылшаруашылық Министрлігі
бақылау және қадағалау комитетінің
Шарбақты аудандық аймақтың
Испекциясының басышысы Г.Фисенко
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.