Курчатов қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 мамыр 2016 ж.

    Курчатов қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 7 - бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27 – бабына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Курчатов қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    «Курчатов қалалық мәслихатының регламенті туралы» 2014 жылғы 20 наурыздағы № 21/152-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3254 тіркелген, «7 дней» газетінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 21 санында жарияланған);

    «Курчатов қалалық мәслихатының регламенті туралы» Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 21/152-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 17 шілдедегі № 37/271-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4098 тіркелген, «7 дней» газетінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 34 санында жарияланған).

    2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрайымы, Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы

    Г. Қарымбаева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.