«Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 346 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 346 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілері туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 346 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 26 қарашада № 3558 тіркелген, «Уба-Информ» газетінде 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 50 санында жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

    кіріспе сөз келесі редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілері туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 - бабына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шемонаиха ауданының әкімі

    А.Тоқтаров

    Келісілді:

    Шемонаиха аудандық

    мәслихатының хатшысы Ә.Баяндинов

    2016 жылғы «17» наурыз

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.