«Кентау қаласы әкімі аппаратының Регламентін бекіту туралы» Кентау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы №137 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кентау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы №137 «Кентау қаласы әкімі аппаратының Регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3212 тіркелген, 2015 жылғы 27 маусымда «Кентау», «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы Б.Алимбетовке жүктелсін.
Кентау қаласының әкімі
Ә.Мақұлбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.