2016 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    2016 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қосымшаға сәйкес 2016 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

    2. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Мырзаш) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Л.Жұбанышқалиеваға жүктелсiн.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    С.Әлиев

    2016 жылғы 26 сәуірдегі №95

    Тасқала ауданы әкімдігінің

    қаулысымен бекітілген

    2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата ананың ақы төлеу мөлшері

    р-с №
    Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік аумақтық орналасуы
    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы
    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
    Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)
    Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)
    Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге)
    Балабақша (жергiлiктi бюджет)
    1
    Тасқала ауылы
    Тасқала аудандық білім бөлімінің «Ақбөпе» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
    143
    22 597
    22 597
    7000
    2
    Тасқала ауылы
    Тасқала ауданы әкімдігінің Тасқала аудандық білім бөлімінің «Балдырған» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
    41
    35 569
    35 569
    7000
    3
    Тасқала ауылы
    Тасқала аудандық білім бөлімінің «Бөбек» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
    115
    31 731
    31 731
    7000
    4
    Мерей ауылы
    Тасқала аудандық әкімияты Тасқала аудандық білім бөлімінің «Айгөлек балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
    41
    34 191
    34 191
    7000
    5
    Ақтау ауылы
    Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Ақтау мектеп - балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    24
    14 881
    14 881
    7000
    6
    Амангелді ауылы
    Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Амангелді мектеп - балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    50
    16 993
    16 993
    7000
    7
    Атамекен ауылы
    Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Совхоз мектеп - балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    25
    21 040
    21 040
    7000
    8
    Шежін 2 ауылы
    Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Шежін мектеп - балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    31
    27 438
    27 438
    7000
    9
    Мереке ауылы
    Тасқала аудандық білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін Мереке мектеп - балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    25
    14 300
    14 300
    7000

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.