Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 тамыздағы №193 "Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 сәуір 2016 ж.

    Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 тамыздағы №193 «Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2013 жылғы 27 тамыздағы №193 «Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3344 тіркелген, 2013 жылғы 28 қыркүйекте «Приуралье» және «Орал өңірі» газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.Ғ.Қуаншалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.Б.Бадашевқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    А.Көлгінов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және даму

    министрлігі Автомобиль

    жолдары комитетінің төрағасы

    __________М.Пішембаев

    2016 жылғы «21» 04

    2016 жылғы «15» сәуірдегі №132 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша

    Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 тамыздағы №193 қаулысымен бекітілген

    Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі

    Автомобиль жолының индекcі
    Автомобиль жолдарының атауы
    Жалпы ұзындығы, км.
    1
    КL-1
    Федоровка - Ақсай, 0-82 км
    82
    2
    КL-2
    Ақсай - Шыңғырлау, 0-86 км
    86
    3
    КL-3
    Шыңғырлау - Лубен - Лебедевка, 0-104 км
    104
    4
    КL-4
    Приуральный - Ақсай, 0-35 км
    35
    5
    КL-5
    Бөрлі – Ақсай - Жымпиты, 0-159 км
    159
    6
    КL-6
    Жымпиты - Қаратөбе 0-103, км
    103
    7
    КL-7
    Барбастау – Ақжайық - Индербор (Атырау облысы), 0-307 км
    307
    8
    КL-8
    Чапаев – Жаңақала - Сайқын, 0-337 км
    337
    9
    КL-9
    Тасқала – Аққурай – Болашақ - РФ шекарасы,0-157 км
    157
    10
    КL-10
    Үлкен Шаған - Переметное, 0-42 км
    42
    11
    КL-11
    Орал - Кирсанов, 1-83 км
    82
    12
    КL-12
    М32 – Аңкаты - Сарыөмір автожолы, 0-64 км
    64
    13
    КL-13
    РФ шекарасы – Жалпақтал – Жұлдыз - Қарасу, 6-170 км
    164
    14
    КL-14
    Әуежайға кірме жол, 0-2 км
    2
    15
    КL-15
    Орал қаласындағы мұнай базасына кірме жол, 0-7,05 км
    7,05
    16
    КL-16
    313,332 жол айрығына кірме жол, 0-1 км
    1
    17
    КL-17
    Балық комбинатына кірме жол, 0-2 км
    2
    18
    КL-18
    Орал-2 станциясына кірме жол , 0-1 км
    1
    19
    КL-19
    Деркөл ауылынан Орал - Тасқала - РФ шекарасы автожолымен қиылысқа дейінгі автожол, 0-7,8 км
    7,8
    20
    КL-20
    Ветелки ауылына кірме жол 0-15 км
    15
    Жиынтығы:
    1757,85
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    км - километр;
    РФ - Ресей Федерациясы.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.