Мұғалжар ауданының Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің Қаракөл және Жаңатұрмыс ауылдары аумақтарында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 40 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 11-26/76 ұсынысының негізінде, Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Мұғалжар ауданы Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің Қаракөл және Жаңатұрмыс ауылдының ірі қара малдарын сарып ауруынан сауықтыру іс-шараларының толық аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Мұғалжар ауданы Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 6 «Мұғалжар ауданы Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің Қаракөл және Жаңатұрмыс ауылдары аумақтарында шектеу іс-шараларын бекіту туралы» (Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 қазанда № 4539 болып тіркелді) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Ауылдық округінің әкімі
К. Б. Биримжанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.