Аудан әкімдігінің бұрын қабылданған 2016 жылғы 14 наурыздағы № 54/2 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 мамыр 2016 ж.

    Аудан әкімдігінің бұрын қабылданған 2016 жылғы 14 наурыздағы № 54/2 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңына, сәйкес Ертіс ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. Аудан әкімдігінің бұрын қабылданған 2016 жылғы 14 наурыздағы «2016 жылға Ертіс ауданы тұрғындарының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» № 54/2 қаулысының (2016 жылғы 24 наурыздағы Павлодар облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 5007 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірдегі № 13 «Ертіс Нұры» және 2016 жылғы 2 сәуірдегі № 13 «Иртыш» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

    Аудан әкімі

    В. Дубовицкий

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.