Қызылжар ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378, 444-баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, соған сәйкес:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.
2. «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 37/2 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2015 жылғы 22 маусымдағы №3279 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымдағы «Қызылжар», «Маяк» газеттерінде жарияланған).
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы
Н. Рақымов
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының хатшысы
А. Молдахметова
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қызылжар ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы»
Республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________________ Ж. Батырбеков
2016 жылғы «25» сәуір
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.