Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі №206 «Қарақия ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы » қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі № 206 «Қарақия ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2802 болып тіркелген, «Қарақия» газетінде 2015 жылы 27 тамызда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Қарақия ауданы әкімінің аппараты (А.Таубаев) бір апта мерзімде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Аудан әкімі
Ә. Дауылбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қарақия ауданы әкімдігінің
«Қарақия аудандық білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Байбосынова Клара Хисарқызы
23 мамыр 2016 жыл.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.