"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11008 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларында:

    4, 5, 6-тармақтар алып тасталсын;

    9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Субсидиялар дайындаушы ұйымдарға тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы бойынша төленеді.

    Субсидияларды есептеуді өтінім қосымшасына сәйкес дайындаушы ұйым жүргізеді.

    Дайындаушы ұйым өнімді өткізгенде осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес белгіленген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасының субсидияларын есептеу кезінде дайындаушы ұйым қолданылатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша рұқсат етілген құнынан асырған жағдайда, субсидия мөлшері барынша рұқсат етілген құн бойынша есептеледі.

    Егер өткізілген өнімнің нақты құны осы Қағидаларға

    4-1-қосымшаға сәйкес белгіленген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасының субсидияларын есептеу кезінде дайындаушы ұйым қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша рұқсат етілген құнынан төмен болса, субсидия мөлшері нақты құн бойынша есептеледі.

    Бұл ретте, дайындаушы ұйым тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген қосылған құн салығының сомасынан төмен қосылған құн салығы сомасын төлеген жағдайда, субсидиялар мөлшері нақты төленген қосылған құн салығының сомасына тең болады.

    Дайындаушы ұйым тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша есептелгеннен артық қосылған құн салығы сомасын төлеген жағдайда, субсидиялар мөлшері есептік жылдың тиісті салықтық кезеңдері үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген қосылған құн салығы сомасына тең болады.»;

    5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Субсидияларды төлеу тәртібі және субсидия аясында алынған қаржы құралдарын қайтару»;

    13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «13. Басқарма дайындаушы ұйымдар жөніндегі мәліметтерді алған күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген мәліметтерді және дайындаушы ұйымның Заңның 16-1-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдары ұсынған дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтермен салыстырып тексеруді жүргізеді. Өтінімге қосымшамен берілген субсидия сомасын есептеуді жасау дұрыстығын тексереді және субсидиялар төлеу (мәліметтер сәйкес келген және есептеу дұрыс болған жағдайда) немесе төлеуден бас тарту (мәліметтер және есептеулер сәйкес келмеген жағдайда) туралы шешім қабылдайды.»;

    мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

    «15-1. Дайындаушы ұйым субсидия беру үшін белгіленген шарттарды орындамаған жағдайда, Заңның 11-бабы 5-тармағына сәйкес субсидия аясында алынған ақшалай қаражат қайтаруға жатады:

    1) егер дайындаушы ұйымның Заңның 11-бабы 5-тармағында көзделген ауыл шаруашылығы өнімін өткізгеннен түскен кірісі тиісті есептік жылдың жиынтық жылдық кірісінің 90 пайызынан кем болса және (немесе) субсидиялар сомасы тиісті есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасынан көбірек болса;

    2) дайындаушы ұйымның өтінімде дұрыс емес ақпарат ұсыну фактісі анықталған жағдайда, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімін өндірудегі кірісі жиынтық жылдық кірісінен 90 пайыздан кем емес болған жағдайда, қаржылық бақылау органдары дайындаушы ұйымды тексеруді аяқтағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарды жазбаша түрде хабардар етеді.

    Осы тармақты қолдану мақсатында есептік жылдың барлық салықтық кезеңдері үшін қосылған құн салығы бойынша барлық кезекті және қосымша декларациялар ескеріледі.

    Субсидиялар шеңберінде алынған ақша қаражатын өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру басқармаға жүктеледі.

    Субсидиялар шегінде алынған ақшалай қаражатты дайындаушы ұйым он жұмыс күні ішінде республикалық бюджет кірісіне 206108 «Өзге де салықтық емес түсімдер» бюджеттік сыныптама кодына қайтаруды жүргізеді».»;

    көрсетілген Қағидаларға 1, 4, 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшасымен толықтырылсын.

    2. «Дайындаушы ұйым жеке қосалқы шаруашылықтан, шаруа немесе фермер қожалығынан, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алған кезде бағаның (құнның) шекті мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 5-3/261 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11329 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрық 2016 жылғы 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Мамытбеков

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    ______________Б.Сұлтанов

    2016 жылғы 11 сәуір

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрі

    ______________ Е. Досаев

    2016 жылғы 6 сәуір

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    2016 жылғы 31 наурыздағы

    №146 бұйрығына 1-қосымша

    Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы

    дайындаушы ұйымдарға есептелген

    қосылған құн салығы шегінде

    бюджетке төленген қосылған құн

    салығы сомасын субсидиялау

    қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    ______жылға есептелген шекте бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінім

    Кімге:__________________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) Кімнен:_________________________________________________________ (дайындаушы ұйымның атауы)

    Өтінімді берген сәттегі өтінім берушінің мемлекеттік кіріс органдарында тіркелген орны:_________________________________________________ ________________________________________________________________

    Дайындаушы ұйымның деректері:
    БСН
    ЖСК
    БСК
    Өтінім берушінің есептік шоты (жиырма мәнді)
    Банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері:
    Банктің немесе Ұлттық почта операторының атауы:
    БСН
    ЖСК
    БСК
    (теңге)
    1.
    Есептік жыл үшін декларациялар бойынша ҚҚС төлеуге есептелген сома
    2.
    Есептік жыл үшін декларациялар бойынша бюджетке төленген ҚҚС сомасы
    3.
    Есептік жыл үшін жиынтық жылдық кіріс сомасы
    4.
    Есептік жыл үшін «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-тармағында белгіленген тізбе (бұдан әрі – тізбе) бойынша өнім өткізуден түскен кіріс сомасы
    5.
    Жиынтық жылдық кірістің жалпы сомасындағы тізбе бойынша өнім өткізуден түскен кірістің үлес салмағы (кемінде 90%)
    6.
    Дайындаушы ұйымның шотына аударуға жататын субсидиялар сомасы
    7.
    Мемлекеттік кіріс органдарының салық есептілігін қабылдағаны туралы хабарламалар деректемелері
    Субсидиялар сомасын есептеу осы өтінімге қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріледі.
    Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз. Дұрыс емес мәліметті ұсынған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз.
    Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің және субсидия сомасының есебі сәйкессіздігі анықталған жағдайда, он жұмыс күні ішінде заңсыз алынған ақшалай қаражатты қайтаруды жүргізуге міндеттенеміз.
    Субсидиялар алу мақсатында дайындаушы ұйымдар бойынша мемлекеттік кіріс органдары алған барлық мәліметтерді мемлекеттік органдардың пайдалануына рұқсат етеміз.

    Дайындаушы ұйым басшысының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы __________________________________________________ мөр орны

    Дайындаушы ұйымның бас бухгалтерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы _______________________________________________________________ Өтінім қабылданған күн 20__жылғы «____»___________

    Есептелген шекте бюджетке төленген

    қосылған құн салығының сомасы

    мөлшерінде субсидиялар аударуға

    арналған өтінімге қосымша

    Нысан

    ______ жылға субсидиялар сомасын есептеу

    (теңге)

    Та­у­ар­лық-кө­лік­тік жүк­құ­жат нө­мі­рі
    Тол­ты­ры­л­ған кү­ні
    Алушы­ның ата­уы
    Та­у­ар­дың ата­уы
    Саны (көлемі)
    Та­у­ар бір­лі­гі­нің ҚҚС-сіз ба­ға­сы
    Та­у­ар­дың ҚҚС-сіз құ­ны
    ҚҚС сомасы
    Өнім бір­лі­гі­нің ҚҚС-сіз ба­рын­ша рұқ­сат еті­л­ген құ­ны
    Өт­кі­зу­дің ба­рын­ша рұқ­сат еті­л­ген құ­ны бой­ын­ша ҚҚС-сіз со­ма­сы
    ҚҚС сомасы
    Суб­си­ди­я­ла­у­ға жа­та­тын ҚҚС со­ма­сы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    8-баған= 6-баған*
    7- бағанға
    9-баған = 8- баған *12%
    11-баған =
    6-баған *10- бағанға
    12-баған =
    11-баған *
    12%
    1) егер 7- баған 10-бағаннан көп немесе тең болса, 13-баған= 12-бағанға;
    2) егер 7-баған 10-бағаннан кем болса, 13-баған=
    9-бағанға 
    Ескертпе: * субсидиялауға жататын ҚҚС сомасы, есептік жылға есептелген салық төлеушінің жеке шоты бойынша бюджетке төленген ҚҚС сомасынан аспауы тиіс (Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер).

    Дайындаушы ұйым басшысының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы __________________________________________________ мөр орны

    Дайындаушы ұйымның бас бухгалтерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы __________________________________________________

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    2016 жылғы 31 наурыздағы

    № 146 бұйрығына 2-қосымша

    Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы

    дайындаушы ұйымдарға есептелген

    қосылған құн салығы шегінде

    бюджетке төленген қосылған құн

    салығы сомасын субсидиялау

    қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    _______ жыл үшін дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтер ______________________________________________________________ (Мемлекеттік кіріс органының атауы)

    (теңге)

    Дайындаушы ұйымның атауы
    БСН
    Салықтық есеп деректері
    бойынша жылдық жиынтық табыс сомасы
    _______ жыл үшін жеке шот бойынша төлеуге есептелген және саналған ҚҚС сомасы
    ____ жыл үшін
    есептелген шегінде төленген (жеке шот бойынша) ҚҚС сомасы

    Басшы _____________________________ _____________ (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (қолы)

    мөр орны

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    2016 жылғы 31 наурыздағы

    № 146 бұйрығына 3-қосымша

    Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы

    дайындаушы ұйымдарға есептелген

    қосылған құн салығы шегінде

    бюджетке төленген қосылған құн

    салығы сомасын субсидиялау

    қағидаларына

    5-қосымша

    Нысан

    Дайындаушы ұйымдарға төленген субсидиялар сомалары туралы есеп

    20__ жыл «____» ___________

    Мемлекеттік органның атауы ____________________________ Субсидиялар атауы _____________________________________ Есеп кезеңі ___________________________________________ Жоғарыда тұрған бюджеттен алынған қаражат сомасы ______ _______________________________________________________ (бюджеттік бағдарламаның атауы) _______________________________________________________ (бюджеттік бағдарламаның коды (кіші бағдарламаның))

    (теңге)

    Дайындаушы ұйымның атауы
    БСН
    Заңды
    мекенжайы
    Төленген субсидия сомасы
    ЖИЫНЫ:

    Әкім ___________________________ __________ мөр орны (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ) (қолы)

    Бірінші басшы – төменде тұрған Бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі__________________________ _____ (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (қолы)

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    2016 жылғы 31 наурыздағы

    № 146 бұйрығына 4-қосымша

    Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы

    дайындаушы ұйымдарға есептелген

    қосылған құн салығы шегінде

    бюджетке төленген қосылған құн

    салығы сомасын

    субсидиялау қағидаларына

    4-1-қосымша

    Есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасына субсидияларды есептеу кезінде дайындаушы ұйым қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігіне барынша рұқсат етілген құн

    (теңге)

    Тауардыңатауы
    Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышы кодтары
    Өлшем бірлігі
    Барынша рұқсат етілгенқұны
    1
    2
    3
    4
    5
    1.
    Тірі ірі қара мал
    килограмм
    471
    2.
    Тірі жылқылар және басқа да жылқы тұқымдас жануарлар
    014310
    килограмм
    554
    3.
    Тірі түйелер және түйе тектілер
    014410
    килограмм
    534
    4.
    Тірі қойлар мен ешкілер
    014511, 014512
    килограмм
    480
    5.
    Тірі шошқалар
    014610
    килограмм
    394
    6.
    Тірі үй құсы
    01471
    килограмм
    266
    7.
    Тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасы
    014721
    ондық
    148
    8.
    Ірі қара малдың жас немесе тоңазытылған еті
    101111
    килограмм
    1 079
    9.
    Қойлардың, ешкілердің жас немесе тоңазытылған еті
    101113, 101114
    килограмм
    1 072
    10.
    Шошқалардың жас немесе тоңазытылған еті
    101112
    килограмм
    846
    11.
    Жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті
    101115
    килограмм
    1 240
    12.
    Сауын ірі қара малдың шикі сүті
    014120
    литр
    78
    13.
    Үй құсының жас немесе тоңазытылған еті
    101210
    килограмм
    504
    14.
    Картоп
    011351
    килограмм
    55
    15.
    Сәбіз
    011341
    килограмм
    62
    16.
    Қырыққабат
    011312
    килограмм
    51
    17.
    Баклажан
    011333
    килограмм
    70
    18.
    Қызанақ
    011334
    килограмм
    135
    19.
    Қияр
    011332
    килограмм
    99
    20.
    Сарымсақ
    011342
    килограмм
    420
    21.
    Пияз
    011343
    килограмм
    38
    22.
    Қант қызылшасы
    011371
    килограмм
    12
    23.
    Алма
    012410
    килограмм
    182
    24.
    Алмұрт
    012421
    килограмм
    249
    25.
    Айва
    012422
    килограмм
    450
    26.
    Өрік
    012423
    килограмм
    211
    27.
    Шие
    012424
    килограмм
    242
    28.
    Шабдалы
    012425
    килограмм
    259
    29.
    Қара өрік
    012427
    килограмм
    202
    30.
    Түтілген жүн
    101141
    тонна
    300 000
    31.
    Ірі қара малдың терісі мен иленбеген былғарысы
    101142
    бірлік
    2 700
    32.
    Жылқы тұқымдас жануарлардың терісі мен иленбеген былғарысы
    101142
    бірлік
    2 500

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.