«Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы № 14/171-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы № 14/171-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3105 болып тіркелген, «Дидар» газетінің 2013 жылғы 7 желтоқсандағы № 146, «Рудный Алтай» газетінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 145 сандарында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, сондай-ақ орталықтандырылмаған су көздерінің ауыз су сапасы өзінің құрамы мен қасиеті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10774 болып тіркелген) бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес болуы тиіс.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
О. Чернышов
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
В. Головатюк
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің төрағасы
___________________ И. Әбішев
2016 жылғы «__03__» мамыр
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің басшысы
___________________ Г. Сүлейменов
2016 жылғы «__22__» апреля
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.