Орал қаласы бойынша 2016 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша 2016 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін.
2. «Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. «Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (М.Батырғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Сатыбалдиевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
Н.Төреғалиев
Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы «18» сәуірдегі №1096 қаулысына қосымша
Орал қаласы бойынша 2016 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
|
№
|
Өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері
|
3 (үшінші) құрғақ дала аймағында егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімі
|
|||||
|
Көктем ерте түскен мезгілде
|
Көктем орта мезгілде түскенде
|
Көктем жәй түскен мезгілде
|
|||||
|
басталуы
|
аяқталуы
|
басталуы
|
аяқталуы
|
басталуы
|
аяқталуы
|
||
|
1
|
Жаздық бидай
|
5 мамыр
|
25 мамыр
|
10 мамыр
|
25 мамыр
|
15 мамыр
|
25 мамыр
|
|
2
|
Күздік бидай
|
15 тамыз
|
10 қыркүйек
|
15 тамыз
|
10 қыркүйек
|
15 тамыз
|
10 қыркүйек
|
|
3
|
Жаздық арпа
|
20 сәуір
|
5 мамыр
|
25 сәуір
|
5 мамыр
|
1 мамыр
|
10 мамыр
|
|
4
|
Сұлы
|
20 сәуір
|
5 мамыр
|
25 сәуір
|
5 мамыр
|
1 мамыр
|
10 мамыр
|
|
5
|
Тары
|
15 мамыр
|
25 мамыр
|
20 мамыр
|
25 мамыр
|
20 мамыр
|
30 мамыр
|
|
6
|
Күнбағыс
|
1 мамыр
|
15 мамыр
|
5 мамыр
|
15 мамыр
|
10 мамыр
|
20 мамыр
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.