Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 8 сәуір 2016 жылғы Заңының 46 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына, « Халықты жұмыспен қамту туралы » Қазақстан Республикасының 6 сәуір 2016 жылғы Заңының 9 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) аудан әкімдігінің 7 маусым 2013 жылғы № 1178 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №2321тіркелген, 2013 жылғы 5 шілдеде «Мәртөбе» газетінде жарияланған);
2) аудан әкімдігінің 25 ақпан 2016 жылғы №116 «2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №3632 тіркелген, 2016 жылғы 22 наурызда «Мәртөбе» газетінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Керімбековке жүктелсін.
Аудан әкімі
С.Сапарбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.