Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 284 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 сәуір 2016 ж.

    Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 284 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 97-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 284 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5746 болып тіркелген, «Арна» газетінде 2015 жылдың 23 шілдесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген қаулының  қосымшасы мынадай мазмұндағы 13-тармағымен толықтырылсын:

    «13. Затобол кенті, Нұрай шағын ауданы, 6 үй, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 72 теңге көлемінде».

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

    Аудан әкімі

    Т. Исабаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.