Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының үш пайыз мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiленсін.

    2. «Казталов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін мүгедектерді жолдауды қамтамасыз етсін.     

    3. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 тамыздағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 4 қыркүйекте № 3088 тіркелген) №173 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З. Мажитоваға жүктелсін.

    5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Н. Бекқайыр

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.