Аудан әкімдігінің бұрын қабылданған 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 132/4 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңына сәйкес Ертіс ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Аудан әкімдігінің бұрын қабылданған 2014 жылғы 23 сәуірдегі «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 132/4 қаулысының (тіркеу тізілімінде мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерде № 3795 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 мамырдағы № 18 «Ертіс Нұры» және 2014 жылғы 17 мамырдағы № 18 «Иртыш» газеттерінде жарияланған)күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
Аудан әкімі
В Дубовицкий
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.