Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Красногор ауылында жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандарға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 139-бабының 9-тармағына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Красногор ауылында жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандарға бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2016 жылғы 16 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданады.
II сессияның төрағасы
А. Демисенов
Қалалық мәслихат хатшысы
Г. Жарылқасымова
«Лисаков қаласы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________________Н. Турлубекова
2016 жылғы 27 сәуір
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.