Арқалық қаласындағы № 2, № 3, № 4 ұңғымалар учаскесінде Терісаққан су тартуының санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Арқалық қаласындағы № 2, № 3, № 4 ұңғымалар учаскесінде Терісаққан су тартуының санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы

    2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қосымшаға сәйкес Арқалық қаласындағы № 2, № 3, № 4 ұңғымалар учаскесінде Терісаққан су тартуының санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    А. Мұхамбетов

    Әкімдіктің

    2016 жылғы 12 сәуірдегі

    № 174 қаулысына

    қосымша

    Арқалық қаласындағы № 2, № 3, № 4 ұңғымалар учаскесінде Терісаққан су тартуының санитарлық қорғау аймағы

    Су тарту көзінің атауы
    Санитарлық қорғау аймағының мөлшерлері
    I белдеу
    II белдеу
    III белдеу
    шекарасы
    ауданы
    шекарасы
    ауданы
    шекарасы
    ауданы
    № 2, № 3, № 4, ұңғымалар учаскесіндегі Терісаққан су тартуы
    Радиусі – әр ұңғыма айналасында 50 метр
    1 гектар
    Ұзындығы – 348 метр
    Барынша ені – 310 метр
    8,72 гектар
    Ұзындығы – 3094,6 метр
    Барынша ені – 808 метр
    212,5 гектар
    Ұзындығы – 121,3 метр
    Барынша ені – 32,4 метр
    0,348 гектар
    Ұзындығы – 2508,4 метр
    Барынша ені – 32,4 метр
    8,27 гектар
    Ұзындығы – 123,4 метр
    Барынша ені – 29 метр
    0,32
    Ұзындығы – 2565,4 метр
    Барынша ені – 29,6 метр
    8,46 гектар
    Ескерту: «№ № 2-4 ұңғымалар учаскесінде Терісаққан су тартуының және Қостанай облысының Арқалық қаласы әкімдігінің қарамағындағы жерлерде орналасқан Жалғызтал, Целинное, Матросово ауылдары суайдауыш құрылыстары кешендерінің санитарлық қорғау аймағы» жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймағының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші - «Арқалық жылу энергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.