Зайсан ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы «2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы» № 675 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зайсан ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы «2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы» № 675 (нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4357 нөмірімен 2016 жылғы 21 қаңтарда тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 8 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы
Д. Қалиқан
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.