Новопокров ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 5ш «Новопокров ауылдық округінің Галицкое ауылының «Галицкое» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы» шешімі күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Успен ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық инспекторының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 2-19/556 және 2016 жылғы 2 ақпандағы № 2-19/30 ұсыныстары негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Новопокров ауылдық округінің Галицкое ауылының «Галицкое» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аумағында жылқылар арасында ринопневмония және ірі қара малдардың лейкоз ауру ошақтарын жою жөнінде кешенді ветеринарлық шаралардың жүргізілуіне байланысты шектеу шаралары алынсын.
2. «Новопокров ауылдық округінің Галицкое ауылының «Галицкое» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы» Новопокров ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 5ш шешімі өз күшін жойды деп есептелсін (Павлодар облысының Әділет Департаментінде № 4755 тіркелген, 2015 жылдың 24 қазанда № 42 аудандық «Аймақ ажары» газетінде жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Новопокров ауылдық округінің әкімі
Г.В. Дубина
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.