Шымкент қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 мамыр 2016 ж.

    Шымкент қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шымкент қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

    Х.Сәрсенов

    Қалалық мәслихат хатшысы

    Н.Бекназаров

    Шымкент қалалық мәслихатының

    2016 жылғы 3 мамыр

    №2/20-6с шешіміне қосымша

    Шымкент қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

    1) «Шымкент қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы №33/215-5с шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2625 тіркелген, 2014 жылдың 6 мамырдағы №17-18 «Шымкент келбетi» газетiнде жарияланған);

    2) «Шымкент қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 7 қазандағы №41/284-5с шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2865 тіркелген, 2014 жылдың 14 қарашадағы №46 «Шымкент келбетi» газетiнде жарияланған);

    3) «Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерге жер салығының базалық мөлшерлерін бекіту туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №50/389-5с шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3387 тіркелген, 2015 жылдың 6 қарашадағы №45 «Шымкент келбетi» газетiнде жарияланған).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.