Ташкенсаз селолық округінің Ташкенсаз ауылындағы көшелеріні қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Ташкенсаз селолық округінің Ташкенсаз ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2015 жылғы 23 желтоқсандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ташкенсаз селолық округінің Ташкенсаз ауылындағы «Октябрьская» көшесі «Ибрагим Баратов» көшесіне, «Новая» көшесі «Батур Шарипов» көшесіне қайта аталсын.
2. «Еңбекшіқазақ ауданының Ташкенсаз селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Жуманов Али Алиевичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Селолық округ әкімі
М. Султанияров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.