Қорғалжын ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 мамыр 2016 ж.

    Қорғалжын ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына, « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, « Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі Қаулысына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Келесі Қорғалжын аудандық мәслихат шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) Қорғалжын аудандық мәслихатының 2013 жылғы 09 қазандағы № 3/19 «Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы » шешімі (№ 3856 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік Тіркеу тізімінде тіркелген, 2013 жылдың 1 қараша «Нұр-Қорғалжын» аудандық газетте жарияланған).

    2) Қорғалжын аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 2/39 «Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қорғалжын аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы № 3/19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі (№ 4995 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік Тіркеу тізімінде тіркелген, 2015 жылғы 8 қазанда «Нұр-Қорғалжын» аудандық газетте жарияланған).

    2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі

    Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы

    Б. Мажитова

    Аудандық мәслихат хатшысы

    Ө. Балғабаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.