Жамбыл ауылдық округі Широкое ауылының аумағында шектеу іс-шараларын алу және Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 23 ақпандағы «Жамбыл ауылдық округі Широкое ауылының аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы» № 1-16/01 шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 15 ақпандағы № 2-18/40 ұсынысы негізінде, Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жамбыл ауылдық округі Широкое ауылының аумағында жануарлардың лейкоз ауруын жою бойынша барлық ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар және залалсыздандыру жұмыстары кешенінің орындалуына байланысты шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 23 ақпандағы «Жамбыл ауылдық округі Широкое ауылының аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы» № 1-16/01 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылғы 27 ақпанда № 4326 болып тіркелген, аудандық «Аққу үні» газетінде 2015 жылғы 14 наурызда № 10 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Ауылдық округ әкімі
Н. Айтуғанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.