Жем селолық округі әкімінің 2009 жылғы 1 қазандағы №32 «Тұрғызба селосы мен Аққұдық , Қойсары, Қараша елді мекендеріндегі көшелерге атаулар беру туралы» шешімнің күшін жою туралы.

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 мамыр 2010 ж.

    Жем селолық округі әкімінің 2009 жылғы 1 қазандағы №32 «Тұрғызба селосы мен Аққұдық , Қойсары, Қараша елді мекендеріндегі көшелерге атаулар беру туралы» шешімнің күшін жою туралы.

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2010 жылғы №2-110/1-10 санды Атқару парағы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:

    1. Селолық округ әкімінің 2009 жылғы 1 қазандағы №32 «Тұрғызба селосы мен Аққұдық , Қойсары Қараша елді мекендеріндегі көшелерге атаулар беру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4-2-126 санымен тіркелген, 2009 жылғңы 29 қазандағы «Кең Жылыой газетінің №44 санында жарияланған») күші жойылды деп танылсын.

    Селолық округ әкімінің міндетін атқарушы

    Б.Қариев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.