Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 6 желтоқсан 2010 ж.
Жем селолық округі әкімінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі №20 «Көше атын беру туралы» шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және аудандық Әділет басқармасының 2010 жылғы 29 қазандағы №3743 хаты негізінде ШЕШЕМІН:
1. Жем селолық округі әкімінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі №20 «Көше атын беру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеу тізіліміне №4-2-98 санымен тіркелген. 2008 жылы 2 қазандағы «Кең Жылыой » газетінің №40 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Селолық округ әкімінің міндетін атқарушы
Б.Қариев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.